Өлім жазасынан бас тартқан жағдайдағы пенитенциарлық жүйені жетілдіруге бағытталған нұсқаулар топтамасы қыркүйек айында Еуропа кеңесіне ұсынылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өлім жазасынан бас тартқан жағдайдағы пенитенциарлық жүйені жетілдіруге бағытталған нұсқаулар топтамасы қыркүйек айында Еуропа кеңесіне ұсынылады

Өлім жазасынан бас тартқан жағдайдағы пенитенциарлық жүйені жетілдіруге бағытталған нұсқаулар топтамасы қыркүйек айында Еуропа кеңесіне ұсынылады

Еуропа елдерінде өлім жазасынан бас тартқан жағдайдағы пенитенциарлық жүйені жетілдіруге бағытталған нұсқаулар топтамасы 2003-жылдың қыркүйек айында Еуропа кеңесіне ұсынылады. Осындай нұсқаулар топтамасын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшылар тобы дайындауда. Бұл туралы осы ұйымның құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшысы Норман Бишоп бүгін, 23-маусымда ғұмырлық бас бостандығынан айыру тәжірибесі мен стандарттарын талқылауға арналған Алматыдағы халықаралық конференцияда сөйлеген өз сөзінде мәлімдеді.

  • 23 Маусым 2003
  • 631
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда да құзыры жүретін бұл нұсқауларға сәйкес, пенитенциарлық жүйені реформалаудың басты мақсаты — түрме қызметкерлері, сотталғандар мен оларға келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сотталғандардың түзеліп қатарға қосылу тиімділігін арттыру болып табылады.

Аталмыш мақсаттарға негізгі 6 жұмыс принципін бұлжытпай ұстану арқылы қол жеткізу ұсынылып отыр . Атап айтсақ : сотталған адамдармен дербес жұмыстар жүргізу, олардың психологиялық ахуалын қалпына келтіру, әрбір сотталған адамның өзіне және басқаларға төндіретін қауіп-қатерінің табиғаты мен деңгейін анықтау, сотталған адамды қоғамнан оқшауламау (сотталған адам тек жекелеген жағдайлар мен сәттерде ғана айналасындағыларға қауіп төндіретіндіктен), оның моральдық құлдырауына жол бермеу . Бұл шаралардың барлығы сотталған адамды болашақта босату немесе оған жүктелген жазаны жеңілдетуге алдын-ала даярлау мақсатымен жүзеге асырылуы тиіс.
Н.Биошоптың пікірінше, аталмыш нұсқауларды бұлжытпай орындау — пенитенциарлық жүйені мейлінше ізгіліктендіруге, сондай-ақ , Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердегі қылмыстық деңгейді төмендетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар