Өлімге 2 жыл қалғанда қандай белгі берілетіні анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өлімге 2 жыл қалғанда қандай белгі берілетіні анықталды

Өлімге 2 жыл қалғанда қандай белгі берілетіні анықталды

Эксетер университетінің ғалымдары көз жұмған 46 мың британдықтың медициналық жазбасына талдау жүргізген

  • 5 Желтоқсан 2017
  • 259
Фото - Caravan.kz

Қарт адамдарда артериялық қысымның төмендеуі оның таяу уақытта қайтыс болуы мүмкін екенін білдіреді. Бұл туралы JAMA Internal Medicine журналында жарияланған зерттеуде айтылған, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости-ға сілтеме жасап. 

Эксетер университетінің ғалымдары 60 және одан да жоғары жаста көз жұмған 46 мың британдықтың медициналық жазбасына талдау жүргізген. Іріктеуге жүрек-қан тамырлары және нейродегенеративті аурулармен ауырған науқастар туралы да, денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған адамдар жайлы да мәліметтер енгізілген.   

Екі топтың адамдарының да артериялық қысымы өлімге орташа 14 жыл қалғанда аз-аздап, ал соңғы 2 жылда едәуір қатты төмендегені анықталды. 


Мамандар алынған мәлімет жасы ұлғайған адамдарға ем таңдау кезінде көмектесуі мүмкін екенін атап өтті.