«Олимп» букмекерлік кеңсесі клиентінің ірі ұтысын бермей жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Олимп» букмекерлік кеңсесі клиентінің ірі ұтысын бермей жүр

«Олимп» букмекерлік кеңсесі клиентінің ірі ұтысын бермей жүр

Еліміздегі ірі букмекерлік кеңселердің бірі - «Олимп» тағы дауға қалды. Ұтысты қайтармай, әрі табысын жасырып, салық төлеуден жалтарумен аты шыққан букмекерлік кеңсе бұл жолы алматылық жігіттің 12 миллиондай теңгесін қайтармай жүр. Букмекерлер өздері қабылдап алған бәсті енді мойындамай қойған. Ал ақшасын даулаған жігіт соттасса да ештеңе өндіре алар емес.

  • 8 Шiлде 2015
  • 620
Фото - Caravan.kz

Олимппен алысып жүрген мына жігіт. Асланбек Жамалов теннис ойынына үш мәрте ақша тігіп, жалпы қорытындысы 11 млн 800 мың теңге ұтып алған. Алайда, достарымен бірге арқа-жарқа қуанған көңілі көпке ұзамай су сепкендей басылды.

Асланбек Жамалов:

-8 ойынға 80 мың теңге тіктім. Коэффиценттері өте жоғары болатын. Түнімен көріп шықтым. Барлығы жеңді. Ертеңіне ұтысымды алу үшін барсам, ақша бергісі келмей жолатпады. Айтуларынша, кассадағы қыз шамадан артық ақша қабылдап қойыпты.

Яғни, шекті мөлшерден артық ақша тігіліп кеткен. Бірақ, неге мұндай қателікке жол берілген? Бұл сұрақтарға букмекерлер жауап берер емес. Ал, Асланбек бәс тіккенде қолына берілген түбіртектің бірі – мынау. 20 мың теңге қойыпты. Алматылық жігіттің қолында тағы осындай екі түбіртек бар. Жалпы Асланбек сияқты Олимптен ақшасын ала алмай жүргендер аз емес екен.

Тимурбек Имашев, адвокат:

-Менің қорғауымдағы азамат 1 миллион 600 мың теңге ұтқан. Оны да маңдарына жуытпай жүр. Келісілген матч депті. Қарапайым тұрғын сонда шетелге барып, спортшылармен келіскен деп ойлай ма екен? Артынан, тіпті тиісті мөлшерден артық ақша қабылданған деп айнып шыға келді.

«Олимптің» қаржылық құйтырқылығына қатысты бұл бірінші жәйт емес. Естеріңізде болса, букмекерлік кеңсе өткен жылы да 400-ден аса кассасының кірісін жасырып, мемлекетке 300 миллион теңге салық төлеуден жалтарған болатын. Ал бұл жолы 3 бірдей сотта жеңілген Асланбек Жамалов енді соңғы мүмкіндігін байқап, Жоғарғы сот шағымданбақшы. Тек қалталы букмекерлердің бұл жолы да дес бере қоюы екіталай.

Перейти к новостям спорта