Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев банкке 13,6 миллион теңге қарыз болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев банкке 13,6 миллион теңге қарыз болып шықты

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев банкке 13,6 миллион теңге қарыз болып шықты

Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың басынан дау арылар емес. 31 арнаның мәліметіне сүйенсек, батыр азаматымыз банкке 13 миллион 600 мың теңге қарыздар екен. Аталған дереккөз басы даудан арылмай, бапкерімен де, жұбайымен де араздасқан боксшының ісі әлі жалғасып жатыр деп мәлімдеді.

  • 13 Шiлде 2016
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан халық банкі» Астанадағы Сарыарқа аудандық сотына Сәрсекбаевтың үстінен азаматтық арыз түсірген. Боксшы 120 айлық мерзімге 15% сыйақы мөлшерлемесі көлемінде 13 миллион 600 000 теңге несие алып, жылжымайтын мүлік ретінде Астана қаласындағы жеке пәтерін кепілге қойыпты. Соңғы тексерістерден кейін сот екіжақты келісімді жарамсыз деп таныды. Өйткені, оның өз міндетінен жалтармақ болғаны анықталған. Енді боксшы банкке қарызы мен мемлекет пайдасына сот шығындарын толық өндіріп беруі керек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бақыт Сәрсекбаев тағы бір сотта жеңіліп, өзіне тиесілі автокөлікті Эльвира Сәрсекбаеваға беруге шешім шыққан болатын.