Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова депутаттық мандатқа таласпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова депутаттық мандатқа таласпақ

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова депутаттық мандатқа таласпақ

Шығыс Қазақстанда сайлау учаскелерінің аумақтары белгіленді. Олардың саны облыс бойынша 1 мыңнан астам. Бұл туралы сайлау комиссиясының аймақтағы өкілдері хабарлады, деп жазады astanatv.kz.

  • 27 Қаңтар 2016
  • 325
Фото - Caravan.kz

Саяси науқанға түсетін депутаттар құрамы да анық болды. Мәселен, облыс мәслихатына 43 мандат, қалалыққа — 73, ал  аудандық мәслихатқа 205 депутат сайлануы тиіс. Халық қалаулысы болғысы келетін үміткерлер арасында олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да бар.

Олимпиада жүлдегері Ольга Рыпакова үшін басты жарыс — Рио-де-Жанейрода өтетін жарыс. Спорт саңлағы байрақты бәсекеге барын салып дайындалып жатыр. Ал облыстық мәслихатқа үміткер ретінде ұсынылғанын естігенде, сәл қобалжығанын жасырмайды. «Әріптестерімнің де пікірі әртүрлі болды», — дейді Олимпиада чемпионы.

«Біреулер "депутаттықтың не керегі бар, сен спорт адамы емессің бе, саясаттан не түсінесің?" деді. Ал кейбіреулері, маған сенім артып, "келешегің үшін жақсы қадам жасап жатырсың" дегенді айтты, — дейді Ольга Рыпакова.

Шығыс Қазақстанда Олимпиада чемпионы қоғамның белсенді мүшесі ретінде танымал. Ол еңбек ұжымдары мен жас буын өкілдерімен жиі кездесулер өткізіп тұрады. Тіпті, Ольга — өзінің табандылығы мен төзімділігінің арқасында Өскемендегі жеңіл атлетика манежінің құрылысын алғашқы сәттен бақылауға алғандардың бірі. "Дәл осындай, белсенді, ойлы жастар облыстық мәслихаттың құрамында болу қажет", — дейді бірнеше шақырылымның депутаты  Майраш Екібасова.