Олимпиада қарсаңында Париж қайыршыларды көшіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада қарсаңында Париж қайыршыларды көшіріп жатыр

Олимпиада қарсаңында Париж қайыршыларды көшіріп жатыр

Кейінгі 13 айдың ішінде қаладан 12 545 адам эвакуацияланған.

  • 4 Маусым
  • 8
Фото: The Guardian

Жазғы Олимпиада ойындарының алдында Париж билігі қаланы қайыршылар мен көшеде қаңғып жүргендерден «тазартып» жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Бүгінде мыңдаған үй-күйсіз адамдарды автобуспен басқа қалаларға көшіру науқаны Иль-де-Франс ауданынан басталған.

Theguardian басылымының жазуынша, полиция жезөкшелік притондар мен нашақорлардың «ұяларына» қатты тексеріс жүргізген.

Кейінгі 13 айдың ішінде көшіру жұмыстары қарқынды жүріп, 12 545 адам эвакуацияланған.

Médecins du Monde Денсаулық мониторингінің үйлестірушісі Пол Алоси биліктің бұл әрекетін сынады. Оның айтуынша, Париж Олимпиадасында керемет көріну үшін биліктің қаьбылдаған уақытша шарасы.

«Адамдарды уақытша тұраққа қоныстандырып жатыр. Егер мәселе шынымен шешіліп жатқан болса, ол адамдар өздері –ақ автобустарға қуана-қуана отырар еді», — деді ол.

Қалалық әкімдік: «Үйсіздер мәселесін түпкілікті шешу үшін Франция бойынша кем дегенде 20 000 үй салу керек, оның ішінде Иль-де-Франс аймағында 7 000 үй салу керек. Париж мэриясы 1000 шұғыл орын бөлу жоспарын жасады, бірақ оны штат өкілі префект әлі мақұлдамады», — деді.

Естеріңізде болса, елімізде 2017 жылы халықаралық ЭКСПО көрмесі ұйымдастырылған кезде «қайыршыларды көшіру» науқаны жүргені айтылған болатын. Бірақ Астана әкімдігі ақпаратты жоққа шығарған еді.