Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Жүлдеден үміткер қазақ қызының жанкүйерлері оған видео арнапты.
Ақнар Адаққызы 1999 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Құттыби ауданында туған. Қазіргі күні Ақнар конькимен жүгіруден Қытай құрамасының мүшесі. Ол осы уақытқа дейін талай мәрте республикалық және халқаралық жарыстардың бас жүлдесін жеңіп алған. Жастар арасындағы конькимен жүгіруден 2019-2020 жылғы Әлем кубогының екі кезеңіне қатысқан Ақнар алтыннан алқа таққан.Коньки спортынан қытай елінің рекордын жаңартқан чемпион!
Видеоның толық нұсқасы осы сілтемеде: https://www.youtube.com/watch?v=sHMZbZ4DZn8
Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындарында Қытай елінің намысын Шыңжаң өлкесінің жергілікті үш қазағы да қорғайды.
Қысқы Олимпиада ойындарында Қытайдың намысын қорғайтын қазақ қыздары туралы не білеміз?