"Олимпиада ойындары - Лондон 2012" тақырыбындағы арт-шығармалар байқауы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Олимпиада ойындары - Лондон 2012" тақырыбындағы арт-шығармалар байқауы жарияланды

"Олимпиада ойындары - Лондон 2012" тақырыбындағы арт-шығармалар байқауы жарияланды

Бритиш Консул үздік арт-шығармаларға байқау жариялады. "Олимпиада ойындары - Лондон 2012" тақырыбы бойынша өтетін сайысқа 16-35 жас аралығындағы кез келген қазақстандық тәуелсіз суретшілер мен дизайнерлер қатыса алады.

  • 31 Мамыр 2011
  • 974
Фото - Caravan.kz

Олардың арасында өз бағын сынауға университет, көркемсурет мектептері мен студияларының студенттеріне де мүмкіндік беріліп отыр.

Жеңімпазға 1 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаржылай сыйлық беріліп, шығармасы 1 жыл бойы Бритиш Консул кеңсесіне келушілердің тамашалауына ұсынылады. Онда қазіргі заманғы компьютер мен сандық технологияның көмегімен салынған үздік шығармаларға 300 доллар көлеміндегі арнайы жүлде тағайындалып отыр. Сондай-ақ байқау жеңімпазы мен 7 жүлдегерге Бритиш Консул сертификаттары мен әлемдік әйгілі брендтердің кәсіби құрал-жабдықтарының топтамасы сыйға берілмек. Ал ақтық турына шыққан барлық үміткерлердің шығармалары үшін қазан айында Алматыда арнайы көрме ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар