Конькиші қыздардың киімі Желіде вирусқа айналып, тез тарап жатыр. Reddit порталының өзінде-ақ 20 мыңнан аса қолданушы дауыс беріп, суретті сайттағы ең үздік деп таныды, — деп Tengrinews Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
"Мұны кім жасаған және не үшін?" — деп жазды талқылауға суретті салған қолданушы.
Басқа қолданушылар Олимпиада ойындарын тамашалаудың орнына спортшы қыздардың екі бұтына "тесіле" қараумен болғандарын жазады. Кейбір пікір қалдырушылар дизайнерлердің таңдауын төрешілерді алаңдату үшін жасаған деп болжады.