Мұндай шешімге Ойынды ұйымдастырушылар Ұлттық олимпиада комитеттері мен қауымдастықтарының өкілдерімен кеңескен соң келген.
«Біз, жаңа масс-медиа заманында спортшылардың Интернет жүйесін еркін пайдалана алуларына жағдай жасаудың маңызды шаруа екендігін жақсы білеміз «, — деді бұл жайлы ұйымдастыру комитетінің төрағасы Себастьян Коэ.
Оның айтуынша, «өткен жылы Нью-Делиде болған британ қауымдастығы ойындары кезінде пікірлескен атлеттердің көпшілігі ғаламтор жүйесін пайдалану мүмкіндігін, телевидениеден гөрі маңызды деп есептейді» екен.
Спортшылар тегін Интернетті Ойындардың телекоммуникациялық провайдері «Бритиш телеком» компаниясының құрған арнайы тіркеу жазбалары арқылы пайдаланбақ.