Олимпиада-2012: М.Вольнова 1/8 финалда британдық боксшымен жұдырықтасады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада-2012: М.Вольнова 1/8 финалда британдық боксшымен жұдырықтасады

Олимпиада-2012: М.Вольнова 1/8 финалда британдық боксшымен жұдырықтасады

Олимпиада ойындарында 75 келі салмақ санатында Қазақ елінің намысын қорғайтын Марина Вольнованың 1/8 финалдағы қарсыласы белгілі болды.

  • 6 Тамыз 2012
  • 378
Фото - Caravan.kz

Ол — британдық Саванна Маршал.

Естеріңізге сала кетейік, Марина 1/16 финалда кениялық Элизабет Андиегоны айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға жолдама алған болатын.
1989 жылы шілдеде Қызылорда қаласының Қазалы қаласында дүниеге келген Марина бокспен 6 жасынан бастап айналысады. Осы уақытқа дейін зор жетістіктерге де жетті. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бокстан еліміздің төрт дүркін чемпионы, 2010 жылы Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.