Олимпиада-2012: М.Вольнова қарсыласын ұтып, 1/8 финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада-2012: М.Вольнова қарсыласын ұтып, 1/8 финалға шықты

Олимпиада-2012: М.Вольнова қарсыласын ұтып, 1/8 финалға шықты

Олимпиада ойындарында 75 келі салмақ санатында Қазақ елінің атынан шаршы алаңға көтерілген Марина Вольнова жеңіске жетті.

  • 6 Тамыз 2012
  • 478
Фото - Caravan.kz

Ол 1/16 финалда кениялық Элизабет Андиегоны айқын басымдықпен ұтып, келесі айналымға жолдама алды. Қорытынды есеп — 20:11.

Айта кетейік, 1989 жылы шілдеде Қызылорда қаласының Қазалы қаласында дүниеге келген Марина бокспен 6 жасынан бастап айналысады. Осы уақытқа дейін зор жетістіктерге де жетті. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бокстан еліміздің төрт дүркін чемпионы, 2010 жылы Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.