Спорт мамандарының сараптауынша, Бразилиядағы алтын наградаларды қазақстандық Иван Дычко (бокста), Александр Зайчиков (ауыр атлетикада) иеленуі мүмкін.
Ал, Олимпиаданың күміс жүлделері олардың болжамынша, біздің жерлестеріміз Данияр Елеусіновке (бокс), Зульфия Чиншанло, Нижат Рахимов және Жасұлан Қыдырбаевқа (барлығы — ауыр атлетика), сондай-ақ Алмат Кебісбаевқа (грек-рим күресі) бұйырмақ екен.
Голландияда сарапшылар отандастарымыз: Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және Жасұлан Әлімханұлы (барлығы — бокс), Карина Горичева мен Алмас Өтешев (екеуі де — ауыр атлетика), Елдос Сметовты (дзюдо) қола жүлдеге лайық деп болжап отыр.