Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін қазақстандық үш боксшы рингке шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін қазақстандық үш боксшы рингке шығады

Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін қазақстандық үш боксшы рингке шығады

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін, 2 маусымда қазақстандық үш боксшы сайысқа түседі.

  • 2 Маусым
  • 6
Фото - Caravan.kz

Ел құрамасынан ¼ финалда Валентина Хальзова (75 келі) сағат 12:00–де колумбиялық Ширлейдиз Орозкомен кездеседі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Ал Назым Қызайбай (50 келі) ¼ финалда 16:30-да Солтүстік Корея боксшысы Канг Су Хуангпен қолғап түйістірсе, бесінші жолдама үшін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) 17:30-да молдовалық Александру Парасчивпен шаршы алаңға шығады.

Таиландтағы іріктеу турнирінде Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) мен Наталья Богданова (66 келі) жарыс жолын аяқтады.

Қазір Қазақстан құрамасы қоржынында Париж Олимпиадасына ерлерде 6, әйелдерде 1 жолдама бар.