Олимпиадалық іріктеуде жолдамадан қағылдық - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиадалық іріктеуде жолдамадан қағылдық

Олимпиадалық іріктеуде жолдамадан қағылдық

Қытайдың Цинбао қаласында бадминтоннан Олимпиадаға жолдама тарататын Азия чемпионаты өтіп жатыр.

  • 19 Сәуiр 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

Өкінішке қарай, бұл сынға аттанған қазақстандық спортшылардың барлығы бірінші кездесуде жеңіліс тауып, лицензиядан қағылды.

Ерлер арасында Вячеслав Массимов таиландтық Танангсок Саенсомбоонсукке шамасы жетпеді — 9:21, 11:21. Ал Артур Ниязов сингапурлық Дионисиус Хауом Рмбакаға есе жіберді — 10:21, 8:21.

Жұптық кездесуде Артур Ниязов пен Асқар Орманов қытайлық Ли Циаолонг/Джан Кю одағынан ұтылды — 7:21, 6:21.

Осылайша, Қазақстан бадминтоншылары Лондон жолдамасын иелене алмады.