Олимпиадалық онсайыста қазақстандық спортшы қола жүлдені жеңіп алып, Азия рекордын жаңалады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиадалық онсайыста қазақстандық спортшы қола жүлдені жеңіп алып, Азия рекордын жаңалады

Олимпиадалық онсайыста қазақстандық спортшы қола жүлдені жеңіп алып, Азия рекордын жаңалады

Қарағандылық Дмитрий Карпов Афиныдағы Олимпиада ойындарында онсайыста қола жүлдені жеңіп алып, Азия және Қазақстан рекордын жаңалады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2004
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Карпов 8725 ұпай жинап, жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ол жеке , Азия және Қазақстан рекордтарын жаңалады»,- деді Қазақстан жеңіл атлетшілер Федерациясының бас хатшысы Алексей Кондрат.

Онсайыстың сегіз түрі бойынша алдына жан салмаған 23 жасар қазақстандық найза лақтырудан кейін үшінші орынға қарай жылжыды.
Ал онсайыстың соңғы түрі — 1500 метрге жүгірісте Д.Карпов үшінші орынға нықтап табан тіреп, Олимпиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
Онсайыстың алтын және күміс жүлделерін дүниежүзілік рекорд иесі, Чехиялық Роман Себрле (8893 ұпай) мен АҚШ-тық Брайан Клей (8820 ұпай) қоржынға салды.
Сөйтіп, Қазақстандық жеңіл атлетшілер осымен екінші Олимпиада ойынында ел құрамасының жүлделер қоржынына медальдар қосып отыр. Осыдан төрт жыл бұрын Сиднейдегі олимпиадада 100 метрге кедергілер арқылы жүгіріп өтуден Алматылық Ольга Шишигина алтын жүлде алған болатын. Ал Афины олимпиадасында онсайыстан Қарағандылық Д.Карпов жүлделі орыннан көрінді.