Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов отау құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов отау құрды

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов отау құрды

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйленді. Оның таудауы көркем гимнаст Аида Бауыржановаға түсті.

  • 9 Қыркүйек
  • 6
Stan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жас жұбайлардың парақшасында спортшылардың мерекесінен фотолар мен бейнелер пайда болды.

Кадрлардан жас жұбайлардың Астанада «Қыз ұзату» рәсімін жасағанын байқауға болады. Кеш қонақтары ретінде гимнастшылардың туыстары, достары мен әріптестері бар.

Еске салайық, 3 тамызда қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алғанын жаздық. Бұл спорттың осы түрінен ел тарихындағы тұңғыш жүлде.

Жеңіске қол жеткізгеннен кейін Құрбанов сүйіктісіне ұсыныс жасамақ ниеті бар екенін мәлімдеді. Ол үш жыл бұрын қалыңдығына үйленемін деп уәде берген.