— Бұл ойынның фавориті — «Олимпиакос». Қазіргі таңда олар спорттық бабында және ойын сапасы «Астанадан» жоғары деңгейде. Бұл жерде оқыс оқиға орын алуы мүмкін емес. Қазақстандық команданың шабуыл шебі әлсіз. Ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешіледі деп ойлаймын.
Естеріңізге сала кетейін, «Олимпиакос» — «Астана» матчы 20-нан 21-не қараған түні Астана уақытымен сағат 01:05-те басталады.