Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай хабарлады, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Ілияс Сариев Жансұлу есімді келіншекке несие алуды талап еткен. Жансұлу несие алып бере алмайтынын айтқан. Бірақ, Ілияс анасының ауырып жатқанын алға тартып, өтініш емес, келіншекке талап қойған.
”Шешем ауырып тұр деп айтып тұрмын ғой. Көріп тұрған жоқсың ба? Бәрін көріп тұрсың ғой. Ақиқатын көріп тұрсың ғой. Өлсе өлсін деп тұрсың ба на***. Реанимациядағы адамды”, — деп аудио жазба қалдырған Ілияс.
Жансұлу Ілиясқа сеніп, оның қарындасына 2 миллион теңге несие алып береді. Алайда ол Ілиястың қарындасы емес, серіктесі Ақтоты болып шыққан. Ақтоты келіншектің телефонын алып, басқа банктен тағы 1 миллион теңге несие алып, дереу өзінің шотына аударып алған. Мұны Жансұлу келесі күні ғана бірақ білген.
Видео осы сілтемеде: Instagram