Өлтірілген Ресей елшісін суретке түсіріп алған фотографтың жүлде алуы жанжал туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өлтірілген Ресей елшісін суретке түсіріп алған фотографтың  жүлде алуы жанжал туғызды

Өлтірілген Ресей елшісін суретке түсіріп алған фотографтың жүлде алуы жанжал туғызды

Елшінің қастандықпен өлтірілген сәтін дер кезінде суретке түсірген түрік фотографы World Press Photo жүлдесіне ие болды. Бірақ оның мұндай марапатқа ие болуы көпшіліктің ашу-ызасын туғызды.

  • 15 Ақпан 2017
  • 524
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы rusplt.ru-ға сілтеме жасап Caravan.kz хабарлады.

Түркиядағы Ресей елшілігі бұл жайтты «терроризмды насихаттау» деп атады.

Ресей елшісінің атып өлтірілуі өткен жылдың ең атышулы оқиғаларының бірі болды. Түріктің жас полицейінің күзет бар жерге қарумен оп-оңай өтіп кетіп, елшіні көпшіліктің көзінше салқынқандылықпен атып тастауы таңқалдырды.

Фотограф Бурхан Озбилиджи Associated Press агенттігінде жұмыс істеген. Айтуынша, ол көрмеге кездейсоқ тап болыпты. Дегенмен әлемдегі барлық БАҚ Бурханның түсірген суреттерін пайдаланды.

Әйтседе, фотографтың ісіне көпшілік бірден наразылық таныта бастады. Оған «көз алдында осындай оқиға болып жатқанда көмектесудің орнына өзге іспен айналысты» деген мазмұндағы кінә артылды.


Бурхан Озбилиджи, қанша қорқынышты болса да өз жұмысымды атқардым деп ақталуда.

Соңғы жаңалықтар