"Өлуге екі-ақ апта уақытың қалды": футболист астаналық дәрігерлердің қолдан өлтірмекші болғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өлуге екі-ақ апта уақытың қалды": футболист астаналық дәрігерлердің қолдан өлтірмекші болғанын айтты

"Өлуге екі-ақ апта уақытың қалды": футболист астаналық дәрігерлердің қолдан өлтірмекші болғанын айтты

Астана қаласы "Жастар" футбол командасының түлегі Бақтияр Мұхамбетқали дәрігерлердің қолдан өлітірмекші болғанын айтып, бағдарлама барысында көзіне жас алып, қатты қынжылды.

  • 4 Мамыр 2021
  • 1021
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Уақыт көрстеді" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Футбалист небәрі 21 жасында мүгедек болып қалған. 

"2016 жылғы соңғы түлекпін. Аяғымнан травма алдым. Сол жылы желтоқсан айында аурухана түстім. Онкологиялық ауруханада жаттым. 3 ай депрессияда болдым. Шашым жоқ, аяқтан айырылып, футболмен қош айтысу мен үшін өте ауыр болды. Өмір сүруіңе апта-ақ уақытың қалды. Сол диагнозбен үйге шығарып жіберді", деп еліміздегі дәрігерлердің аяқ асты берген диагнозын қинала айтты.

"Бірақ, біз ештеңе қарамадық. Ешқандай документсіз, визасыз Герменияға кетіп қалдық. Менің осындай диагнозбен ауруханадан шыққанымды Германияға барғанда бір-ақ білдім. Маған ешкім ештеңе айтқан жоқ. Мен ол жаққа тек диагностика жасату үшін бара жатырмын деп. Өйткені, маған сен ауруханадан шығасың. Сенің денсаулығың жақсы деп айтқан болатын. Менен тіпті дәрігерлер де жасырған. Негізінде, бәрі керісінше болған. Ал, Германиядағы профессор-врач: "мен сенің аяғыңды, өміріңді аман алып қаламын" дегенде, түсінбей қалдым. Сенде онкологияда төртінші стадиясы деп айтты. Бірақ, мен емделмей ауылға қайтып, елімде, өз жерімде отбасымның қасында аз ғана уақытым қасында өлсем деген ой ғана болды", дейді футболшы. 


 

Соңғы жаңалықтар