Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
- Ұлттық оператор – «Қазпоштаның» қазіргі әлеуетін күшейтуіміз керек. Бүгінде ел ішінде «Қазпоштаның» қызмет ауқымы кең. Филиалдары да жеткілікті. Соған сәйкес, компанияның шығындары да көп болғандықтан, белсенді дами алмай отыр. Цифрлық даму, иннфовациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Сауда және интеграция министрлігімен ұлттық пошта операторын дамыту бойынша тиісті жоспарды бір ай мерзімде әзірлесін, — деген тапсырма жүктеді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.