Олжас Бектенов: Президенттің Жолдауын сапалы іске асыру – біздің басты міндетіміз - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олжас Бектенов: Президенттің Жолдауын сапалы іске асыру – біздің басты міндетіміз

Олжас Бектенов: Президенттің Жолдауын сапалы іске асыру – біздің басты міндетіміз

Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.

  • 3 Қыркүйек
  • 14
Фото - Caravan.kz

Үкімет отырысы Қазақстан Президентінің Жарлығымен тағайындалған жаңа туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың ант қабылдауымен басталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы үкімет сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы жауапты қызметте жаңа министрге табыс тілеп, бұрынғы министр Ермек Маржықпаевқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Отырыс күн тәртібінің негізгі мәселесін қарау барысында Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы – әрбір жолы қазіргі заманның шынайы талаптары мен сын-қатерлеріне жауап беретін маңызды әрі дер кезінде жарияланған құжат екенін атап өтті.

«Президенттің Жолдауын сапалы іске асыру – біздің басты міндетіміз. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл мақсатқа экономиканың құрыЛымын өзгерту арқылы қол жеткізе аламыз. Салалардағы мұндай өзгерістер қазірдің өзінде тау-кен секторының үлесін азайтып, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарҚынын арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ біз жоғары деңгейде өңделген өнім шығаруға басымдық беретін боламыз. Бұл саланың әлеуеті үлкен. Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктер барынша көңіл бөлуі тиіс проблемаларды нақты белгілеп берді. Барлық мемлекеттік органдар Президент айтқан тапсырмаларды жан-жақты пысықтап, қойылған міндеттерді шешудің нақты жолдарын айқындауы қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Үкімет басшысы бюджет қаражатын оңтайлы жұмсаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету бағытында жұмысты едәуір күшейту қажет. 

Жолдауда инвестициялық ахуалды жақсарту, елдің өнеркәсіптік әлеуетін ашу, инфрақұрылымдық проблемаларды шешу жөніндегі мақсаттар көрсетілген.