Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан-Ресей қатынастарын дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде шекара маңы ынтымақтастығының рөлі атап өтілді. Орынбор облысы – Қазақстанның маңызды серіктесі және елеулі көлік-логистикалық торабы. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға ұлғайып, $627 млн-ды құрады.