Олжас Сүлейменовтің афоризмдеріне және қанатты сөздеріне арналған жинақтың таныстырылымы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олжас Сүлейменовтің афоризмдеріне және қанатты сөздеріне арналған жинақтың таныстырылымы өтті

Олжас Сүлейменовтің афоризмдеріне және қанатты сөздеріне арналған жинақтың таныстырылымы өтті

Бүгін Астанадағы «Бәйтерек» баспасөз клубында Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Олжас Сүлейменовтың афоризмдеріне және қанатты сөздеріне арналған жинақтың шығуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

  • 15 Желтоқсан 2011
  • 894
Фото - Caravan.kz

ЮНЕСКО-ның тұрақты өкілі, әйгілі ақын Олжас Сүлейменов пен «Альянс банк» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Мақсат Қабашев журналистердің сұрақтарына жауап берді. Спикерлердің сөздеріне қарағанда, жинақта Ожас Сүлейменовтың 1962 жылдардан бері шығармаларындағы ой-пікірлері жинақталған. Жинақ «Тарих, саясат, қоғам», «Шығыс-Батыс», «Тіл мен мәдениет», «Ақын және азамат», «Ар-намыс кодексі», «Қазіргі заман және әдеби процесс», «Ғылым мен дін» атты айдарлардан тұрады. Бұл жинақты «Альянс банк» акционерлік қоғамының қаржылай қолдауымен танымал әдебиеттанушы, жазушы, «Олжастың кітапханасы» баспа үйінің директоры Асфар Абдулло құрастырған. Кітаптың атауы Олжас Сүлейменовтың өлеңінен алынған және ол «Бірақ мен адамдарға өтірік айтқан жоқпын» деп аталады.

«Альянс банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мақсат Қабашев әйгілі ақынның жинағы бүгінгідей тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылып ұйымдастырылып отырғандығын атап көрсетті. «Өйткені Олжас Сүлейменовты халқымыз рухы биік нар тұлғалы азамат ретінде таниды», — деді Басқарма төрағасы.

Перейти к новостям спорта