Омар Жәлел: Қыз деген маркер, ол жазбай қалса, біз не істейміз? Әлбетте, тастай саламыз - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омар Жәлел: Қыз деген маркер, ол жазбай қалса, біз не істейміз? Әлбетте, тастай саламыз

Омар Жәлел: Қыз деген маркер, ол жазбай қалса, біз не істейміз? Әлбетте, тастай саламыз

Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы қыздарды оқуға емес, бала тууға шақырған.

  • 5 Наурыз 2020
  • 249
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс кезінде айтқан.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қыз баланың мұраты – өмір бойы оқып, "академик-доктор" болу емес, жастайынан бес зәруді бойына сіңіріп, "академик-докторларды" туып, тәрбиелеу. Қыз деген маркер ғой. Ол жазбай қалса, біз не істейміз? Әлбетте, тастай саламыз", — деген Жәлел дәріс оқу барысында.

Абайтанушының бұлай деуі оқушы қыздардың ашуын туғызды.

Тіпті 11-сынып оқушысы Аяулым Қанатбек әлеуметтік желіде пост жазып, Жәлелдің сөзімен келіспейтінін білдірген. Ол әйелдерді өз құқықтарын қорғауға шақырды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Шмаяулым (@maya_shmaya) on

Оқушы қыздың позициясын білім беру ұйымының әкімшілігі де қолдап отыр.

"Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы Тараз қаласындағы зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Аяулым Қанатбектің ұстанымын қолдайды және оның Instagram желісіндегі қыздардың заманауи қоғамдағы миссиясы туралы жазбасымен келіседі", — деп мәлімдеді НЗМ өңірлік филиалынан.

 

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІ Барлық Зияткерлік…

Posted by Nazarbayev Intellectual School of Taraz on Wednesday, March 4, 2020

Айта кетсек, Омар Жәлел қазақстандықтарға шулы мәлімдемелерімен танымал. Абайтанушының сұхбаттары қазақ тілді БАҚ беттерінде жиі жарық көріп тұрады. Мәселен, жуырда ол қыздарды тауарға теңеп, елдің талқысына түсті.