Омбы балықшысы СҚО-да сот шешімін 3 күнен бері күтіп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омбы балықшысы СҚО-да сот шешімін 3 күнен бері күтіп жүр

Омбы балықшысы СҚО-да сот шешімін 3 күнен бері күтіп жүр

Омбы облысының балықшысы Солтүстік Қазақстан облысынан үш күнен бері үйіне қайта алмай жүр, себебі мас күйінде көлік айдағаны үшін сот шешімін күтуде, деп СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Шiлде 2011
  • 469
Фото - Caravan.kz

Ресей Федерациясының СҚО-мен көрші ауданының тұрғыны Уәлихан ауданындағы Бидайық селосына балық аулауға келіпті. Уәлихан АІІБ полицейлерінің рейд шараларының барысында, түнгі сағат 2-лерде оның көлігі құжаттарын тексеру үшін тоқтатылады. Белгілі болғандай, ер азамат ВАЗ-2109 көлігін мас күйінде айдап жүр екен», — деп сейсенбі күні СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Медициналық тексеріс оның орташа дәрежедегі мас екенін көрсетіпті.

«Балықшыға қатысты көлікті мас күйінде айдағаны үшін ҚР ӘҚтК-нің 467-ші бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Ол бап 2 жылға дейін көлік айдау құқығынан айырады», — дейді баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар