Ресей Федерациясының СҚО-мен көрші ауданының тұрғыны Уәлихан ауданындағы Бидайық селосына балық аулауға келіпті. Уәлихан АІІБ полицейлерінің рейд шараларының барысында, түнгі сағат 2-лерде оның көлігі құжаттарын тексеру үшін тоқтатылады. Белгілі болғандай, ер азамат ВАЗ-2109 көлігін мас күйінде айдап жүр екен», — деп сейсенбі күні СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Медициналық тексеріс оның орташа дәрежедегі мас екенін көрсетіпті.
«Балықшыға қатысты көлікті мас күйінде айдағаны үшін ҚР ӘҚтК-нің 467-ші бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Ол бап 2 жылға дейін көлік айдау құқығынан айырады», — дейді баспасөз қызметіндегілер.