Омбы МӨЗ-і Қазақстанның өтініші бойынша Қырғызстанға бензин жеткізуді тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омбы МӨЗ-і Қазақстанның өтініші бойынша Қырғызстанға бензин жеткізуді тоқтатты

Омбы МӨЗ-і Қазақстанның өтініші бойынша Қырғызстанға бензин жеткізуді тоқтатты

Омбы мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) Қазақстанның өтініші бойынша 1 шілдеден бастап Қырғызстанға жоғары октанды бензиннің жеткізілімдерін тоқтатты, деп хабарлайды ҚырТАГ агенттігі.

  • 16 Шiлде 2011
  • 495
Фото - Caravan.kz

«Жоғары октанды бензиннің жетіспеушілігі (Аи-92 және Аи-95) сезіліп отырған Қазақстанның өтініші бойынша 1 шілдеден бастап Омбы мұнай өңдеу зауыты Кеден одағына кірмейтін елдерге, соның ішінде Қырғызстанға да отын жеткізілімдерін тоқтатты. Қырғызстан үкіметі Омбымен келіссөз жүргізіп жатыр. Жеткізілімдер қайта жандандырылады деп үміттенеміз», — деді Қырғызстан мұнай трейдерлері қауымдастығының президенті Жұмакадыр Акенеев жұма күні.

Ол басқа ресейлік МӨЗ-дердің жеткізілімдері жалғасып жатқанын, бірақ бензиннің басым бөлігі туристік маусымға кедергі болмасын деп, Ыстықкөл облысына жіберіліп жатқанын айтты.

«Бағаның күрт қымбаттауына жол бермеуге тырысамыз. Біздегі 1 мың тонна қор 7-10 күнге жетеді. Бұл уақытта үкімет Омбы зауытымен жеткізілімдерді қайта жандандыру туралы келісімге қол жеткізеді деп үміттенеміз», — дейді Қырғызстан мұнай трейдерлері қауымдастығының президенті.

Қазіргі уақытта Қырғызстандағы ЖҚС-тардың көбі бензиннің дефицитіне байланысты ЖЖМ саудасына шектеу енгізді.

Қырғызстанға мұнай өнімдерінің импорты негізінен Ресей мен Қазақстаннан келеді.

Бұрын хабарланғандай, 29 мамырда Қазақстан 2011 жылдың 1 қарашасына дейін ЖЖМ экспортына тыйым салды. Сонымен бірге, Астана Кеден одағы бойынша әріптестері – Ресей мен Белоруссияны да осы шешімге қосылуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар