Омбы облысында Қазақстан -Ресей шекарасы арқылы есірткі тасымалдап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омбы облысында Қазақстан -Ресей шекарасы арқылы есірткі тасымалдап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды

Омбы облысында Қазақстан -Ресей шекарасы арқылы есірткі тасымалдап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды

Павлодар. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Омбы облысында Қазақстан -Ресей шекарасы арқылы Қазақстан аумағына аса ірі көлемде есірткі тасымалдап келген тұрақты арна жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Федералдық қауіпсіздік қызметінің Омбы қалалық басқармасына сілтеме жасап.

  • 15 Қыркүйек 2008
  • 476
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Омбы облысының Москаленский ауданында тұратын аталған топтың ұйымдастырушысы қылмыс үстінде құрықталды. Есірткі саудагерін Федералдық қауіпсіздік қызметінің Омбы қалалық басқармасы қызметкерлері өңірдің бір шекаралық ауданында орналасқан есірткі қоймасынан есірткі алып жатқан сәтте қолға түсірді».

«Сондай-ақ, осы партияға тапсырыс берген есірткінің көтерме саудасымен айналысатын 28 жастағы Омбы тұрғыны құрықталды. Ұсталғандар қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Контрабандалық жолмен жеткізіліп, қоймаға жасырылған героин партиясының салмағы 4 килограмм болды. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар