Омбы полициясы павлодарлық студенттің қандай ауыр қылмыс жасағанын құпия ұстап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омбы полициясы павлодарлық студенттің қандай ауыр қылмыс жасағанын құпия ұстап отыр

Омбы полициясы павлодарлық студенттің қандай ауыр қылмыс жасағанын құпия ұстап отыр

Омбы қаласының полиция қызметкерлері ОмМТУ-де оқитын павлодарлық студенттің қандай ауыр қылмыс жасағанын құпия сақтауда, деп хабарлайды

  • 23 Қараша 2016
  • 896
Фото - Caravan.kz

Омбы қаласының полиция қызметкерлері ОмМТУ-де оқитын павлодарлық студенттің қандай ауыр қылмыс жасағанын құпия сақтауда, деп хабарлайды pavlpdarnews.kz тілшісі.

Ресей Федерациясы Омбы облысы бойынша ІІД басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, павлодарлық Ақтілек Мадировқа қатысты іздеу жұмыстары жүргізілмеген. — Жергілікті құқық қорғау органдары жігіттің қайда жүргенін бірден анықтады, — деді баспасөз қызметінде.

Заңға сәйкес ол туралы жеке мәліметтермен бөлісуге құқығымыз жоқ. ҚР ІІМ баспасөз қызметі 21 жастағы павлодарлықтың табылғанын растады: Қазіргі уақытта Ақтілек Мадиров Омбыдағы тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы ақпарат Омбы облысының құқық қорғау органдарының біз жіберген ресми сауалдың жауабынан кейін мәлім болды. Бүгінгі күні елшілік қызметкерлері Ақтілектің жағдайы жайлы анықтап жатыр. Жалпы тергеу амалдары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетсек, 18 қараша күні Instagram желісінде Омбы қаласының мемлекеттік техникалық университетінде бағдарламашы мамандығы бойынша оқып жүрген екінші курс студенті, павлодарлық Ақтілек Мадировтың жоғалып кеткені туралы хабар тарала бастады. Жігіттің анасы Әлия Мадированың айтуынша, соңғы рет оны 31 қазан күні жатақхананың кезекшісі көрген. Десе де, жатақхананың кезекшісі осындай уақытта оны шығармауы тиіс еді. Осыдан кейін Ақтілек байланысқа шықпағаннан кейін анасы Омбы қаласындағы Қазақстан елшілігінің көмегіне жүгінген болатын.