Омбы тұрғыны әйелінен қашамын деп суға батып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омбы тұрғыны әйелінен қашамын деп суға батып өлді

Омбы тұрғыны әйелінен қашамын деп суға батып өлді

Омбы облысында тергеушілер 35 жастағы ер адамның өліміне қатысты тексерісті бастады.

  • 10 Қазан 2017
  • 269
Фото - Caravan.kz

Ол әйелінен және оның құрбыларынан қашамын деп Оша өзеніне батып кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Om1.ru-дың жазуынша, оқиға 7 қазан күні кешкі уақытта болған. Колосовка тұрғыны достарымен бірге ішімдік ішіп отырғанда күйеуінің артынан іздеп әйелі мен құрбылары келген. Олар ер адамды қолтықтап үйге әкеле жатып көпірден өте бергенде, ол сытылып шығып, өзенге қарғып кеткен.

Ер адам суық суға түскен соң есін жиып, көмек сұраған. Әйелдер полиция шақыртады.


«Қайықты суға түсіріп жатқанда ол әлі көмекке шақырып жатқан. Ер адам секіріп кеткен жеріне, яғни көпірге жақындай бергенде көзден ғайып болады. Ол батып кетіп, күшті ағыс оның денесін алып кеткен», — дейді тергеуші Матвей Заливин.

Ер адамның денесі әлі табылмады.

Перейти к новостям спорта