Омбыда қазақ балуаны Қажымұқанның туғанына 140 жыл толуына орайластырылып «Той-думан» өтеді
Ресейдің Омбы қаласында 26 маусым күні Қажымұқан Мұңайтпасовтың 140 жылдығына арналған «Той-думан» өтеді. Алда болатын іс-шаралар бағдарламасында қазақтың ұлттық күресі, ақындар айтысы, «тоғыз құмалақ» жарысы, ұлттық ойындардың таныстырылымы, «Киіз үй - ашық аспан астындағы мұражай» көрмесі, қолөнер шеберлері мен зергерлер бұйымдарының жәрмеңке көрмесі өтпек. Іс-шаралардың соңында Омбы облысындағы қазақ ұлттық ұжымының концерті болады. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін