Алда болатын іс-шаралар бағдарламасында қазақтың ұлттық күресі, ақындар айтысы, «тоғыз құмалақ» жарысы, ұлттық ойындардың таныстырылымы, «Киіз үй — ашық аспан астындағы мұражай» көрмесі, қолөнер шеберлері мен зергерлер бұйымдарының жәрмеңке көрмесі өтпек. Іс-шаралардың соңында Омбы облысындағы қазақ ұлттық ұжымының концерті болады.