Омбы-Павлодар трассасындағы жол апатынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омбы-Павлодар трассасындағы жол апатынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті

Омбы-Павлодар трассасындағы жол апатынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті

Омбы-Павлодар трассасындағы жол апатынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 11 Шiлде 2005
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 9-шілдеде 6 сағат 15 минутта Ресейдің Омбы облысындағы Черлак-Омбы тас жолында Екібастұздан Омбыға бет алған «Volvo» жолаушылар автобусы мен сүт тасушы «КамАЗ» соғысқан болатын. Алдын-ала мәлімет бойынша, Черлак ауданындағы бір шаруашылықтың сүт таситын көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кету салдарынан Екібастұздың автобусымен соғысып қалған. Апат салдарынан 7 адам оқиға орнында мерт болып, 16 адам түрлі жарақаттармен Чарлак аудандық ауруханасына жатқызылды. Қаза тапқан жеті адамның екеуі Қазақстан, екеуі Ресей азаматтары , ал екі адамның азаматтығы анықталу үстінде. Зардап шеккендердің арасында 7 адам — қазақстандықтар.

Артынан ауруханада тағы екі адам қайтыс болды. Олардың қай елдің азаматы екені белгісіз. Сонымен бірге апат кезінде автобуста қанша адам болғаны да әзірге беймәлім күйінде қалып отыр.
Екібастұз қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлағанындай, Омбы облысының билеушілері зардап шеккендерге шама-шарқынша қолұшын беруге уәде берген. Бейресми мәліметтерге әйкес, Омбыда көп адамның өліміне апарып соққан жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта