"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты

"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты

Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Анжелик Күтзее коронавирустың "омкикрон" деген жаңа штамын жұқтырған науқастар туралы алғаш болып хабарлаған.

  • 29 Қараша 2021
  • 42
Фото - Caravan.kz

Ол The Telegraph басылымына ауру симптомдары туралы айтып берді- деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап.

ОАР медициналық қауымдастығының жетекшісі жаңа штамм белгілері бастапқы кезеңде коронавирустың әдеттегі белгілерінен өзгеше және жеңіл болып көрінетінін атап өтті.

Дәрігердің айтуынша, патоген қайтадан мутацияға ұшырады деген күдік COVID-19-дың ерекше белгілері бар науқастардың ауруханаға жиі түсуіне байланысты пайда болған. Сонымен, науқастардың арасында қатты шаршау сезіміне шағымданған жастар, сондай-ақ жүрек соғу жылдамдығы мен жоғары температурасы бар алты жасар балада жаңа симптомдар байқалған. Алайда пациенттердің ешқайсында дәм мен иіс жоғалмапты.

"Оның белгілері (жаңа штамм симптомдары туралы айтып отыр — авт.) бұрынғы белгілерден мүлдем өзгеше және жеңіл көрінді", — дейді Кутзее.

Оның айтуынша, он шақты адамнан коронавирустың жаңа штамы тест арқылы анықталған. Бұл негізінен қатты шаршауға шағымданған сау ер адамдар. Олардың жартысына жуығы вакцина салдырмаған.


Дәрігер вакцина салдырмаған азаматтарда, сондай-ақ қарттар мен созылмалы аурулары бар адамдарда ауруды өткеру ауыр болатынын айтып ескертті.

Бұған дейін Ұлыбританияның бас санитария дәрігері Крис Уитти мен Оксфорд университетінің профессоры Джон Белл коронавирустың жаңа штамының аса қауіпті екеніне күмән келтірген болатын.

Ал Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы доктор Шарон Эльрои-Прайс, соңғы мәліметтер бойынша, "омикрон" штамын жұқтырған адамдар, егер олар вакцина салдырған болса, ауруды жеңіл өткереді деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар