Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Видеоны журналист Руслан Өтепбай өзінің Instagram парақшасына жариялады.
«Видеодағы оқушының ата-анасы дереу құзырлы органға арыз жазыңыздар, адамның ең жанды жері желкеден ұрғанды көрсетіңіздер. Білім бөлімі статьямен жұмыстан шығарсын. Полиция заңмен жауапқа тартсын. Сұмдық қой мынау», — деп жазды журналист.
Видеодан мұғалімнің оқушыны желке тұсынан аяусыз ұрып жатқанын көруге болады. Көпшілік оқиға мектептегі алғашқы әскери дайындық сабағында болған деп болжады.
«Ұйықтатам мен сені, өмір бақи ұйықтап жүресің. Өмір бақиға ұйықтатамын», — дейді ол.
Бір тәулікте 500 мыңға жуық қаралым жинаған аталмыш видеоға желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.
«Қолың сынғыр, қарғыс атсын сені», «Жүрегім ауырып кетті, масқара», «Соттасын, бұл малдың жазасын түрмеде берсін», «Мына ақымақтың өзін осылай ұрса ғой», «Тапты ма мына сүмелекті», «Мынаның түрі де адамға ұқсамайды, жауыз», «Өмір бойына соттау керек», — деп жазды олар.