Өмірден озған Мақсұт Нәрікбаевтің соңғы жұмыс кабинеті көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өмірден озған Мақсұт Нәрікбаевтің соңғы жұмыс кабинеті көрсетілді

Өмірден озған Мақсұт Нәрікбаевтің соңғы жұмыс кабинеті көрсетілді

Астанадан қаралы хабар келді. Бүгін танымал қоғам және мемлекет қайраткері Мақсұт Нәрікбаев өмірден озды. 75 жастағы профессор Елордадағы ауруханалардың бірінде қайтыс болған. Нәрікбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинада бірге оқыған серігі. Ол Жоғары соттың төрағасы, Бас прокурор сынды лаузымды қызметтер атқарған. Ал, соңғы 15 жылда Астанадағы заңгерлер дайындайтын оқу орнын басқарды. Профессормен қоштасу рәсімі де ертең сол университеттің қабырғасында өтеді.

  • 13 Қазан 2015
  • 566
Фото - Caravan.kz

«Мақсұт Нәрікбаев дүниеден өтті» деген қаралы хабарды алғаш болып естігендердің бірі — болашақ заңгерлер оқитын мына университет.  Өйткені, профессор соңғы 15 жылдан бері дәл осы оқу орнының дамуына күш салып, басшылық етті. Нәрікбаев алдымен Астананың қақ ортасынан жаңа ғимарат салдырған болатын.

Өмірбай Қыстаубай, Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқытушысы:

-Мақсұт Сұлтанұлы адамгершілігі өте биік адам болатын. Өзінің қызметкерлеріне, қатардағы оқытушыларына пәтер беріп жатыр. Сол пәтерді алған азаматтың бірі менмін. Осы мен ұқсаған оқытушылар ондап, жүздеп кездеседі. Бұл – оның бір қырын ғана көрсетеді. 

Ал, мынау профессордың соңғы жұмыс кабинеті. Бөлмеде кітап пен портрет көп. Марқұм қолдан сурет салдырып, оны қабырғаға іліп қойғанды  ұнатқан екен. Мұнда Мақсұт Нәрікбаев үш айдан бері бас сұқпапты. Қатерлі дертке шалдығып, ем қабылдауға кеткен академик сол күйі оралмады.

Теміржан Ізтілеуов, студент:

-Ол кісі өте ыстық болатын бізге. Әрқашанда бізге жақын болды. Ешқашан ол кісі бөлектеніп жүрмейтін. Бұл хабарды естігенде барлық студенттер өзінің атасынан айырылғандай сезінді.

Мақсұт Сұлтанұлы Талдықорған өңірінің тумасы. Елбасымен бірге Украинада оқыған. Содан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі. Ол өмірін еліміздегі құқықтық жүйесін жетілдіруге арнаған және көптеген кітап жазған азамат. Қарапайым прокурордан Бас прокурор, Жоғары соттың төрағасы сынды лауазымды қызмет атқарған.


Нәрікбаевтың тағы бір ерекшелігі — өмір бойы спортпен айналысқан екен. Былтыр 74 жасында 3 мың метрден парашюттен секіріп жұртты таң қалдырды. Және ол жастайынан шебер билейді. Оның мыңдаған шәкіртін ертіп, қара жоғаны билегені есте. Кейін өзі басқаратын университеттің алдына шығып, Елбасына деген ыстық ықыластарын ерекше флешмоб арқылы білдірген. Профессормен қоштасу рәсімі де ертең дәл осы университетте өтеді.

Соңғы жаңалықтар