Өмірі тапал көлік міндім, күтпеген сыйлық болды - Танымал шымкенттік кәсіпкер академик Асқар Жұмаділдаевқа су жаңа көлік тарту етті - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өмірі тапал көлік міндім, күтпеген сыйлық болды - Танымал шымкенттік кәсіпкер академик Асқар Жұмаділдаевқа су жаңа көлік тарту етті

Өмірі тапал көлік міндім, күтпеген сыйлық болды - Танымал шымкенттік кәсіпкер академик Асқар Жұмаділдаевқа су жаңа көлік тарту етті

Танымал кәсіпкер, тележүргізуші Динара Сәтжанның күйеуі Жұмабек Жанықұлов академик Асқар Жұмаділдаевқа су жаңа көлік сыйлады.

  • 25 Ақпан
  • 15
Фото: Instagram/syrymbek_tau

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол кәсіпкер Сырымбек Тау мәлімдеді.

«Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев ағамызға тосын сый! Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Осы мерейтойына орай @zhumabek_zhanykulov ағамыз ерекше тосын сый жасап, ағамызға Hyundai Palisade автокөлігін мінгізді.

Ағамызды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, ұзақ ғұмыр, тілейміз!», — деп жазды кәсіпкер.  

Академик Асқар Жұмаділдаев кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, өзінің қарапайымдылығымен елді сүйсінтті.

«Әй, мен мындайды айдай аламын ба? Ағаларың 70-ке келіп жатыр. Тойламаймын деп айтқанмын, жұрттың бәріне. Бірақ жұрт естіп, өздері келіп, бір сыйлық беріп жатыр. Мынау маған күтпеген сыйлық болды. Өмірі тапал мәшине мініп едім, бірақ бәрекелді, рахмет, мұны да үйреніп аламын. Барлықтарың менің жасыма жетіп, одан да асыңдар. Менен де озыңдар», — деп күлді ғалым.