"Өмірім алты-ақ секундта өзгерді": Блогер Мереке Қалбаева күйеуімен арасындағы жағдайға қатысты тағы бір шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өмірім алты-ақ секундта өзгерді": Блогер Мереке Қалбаева күйеуімен арасындағы жағдайға қатысты тағы бір шындықты айтты

"Өмірім алты-ақ секундта өзгерді": Блогер Мереке Қалбаева күйеуімен арасындағы жағдайға қатысты тағы бір шындықты айтты

Танымал блогер Мереке Қалбаева өмірінің алты-ақ секундта өзгергенін айтты.

  • 20 Наурыз
  • 795
Фото - Caravan.kz

Ол әр сынақтың соңында жақсылық тұратынын жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді. 

"Қыздар армандарыңыз мазалай ма? Армандар орындалады. Егер Алла қалайтын болса, өмірің алты-ақ секундта өзгеріп кетеді. Бірақ ниетің мен пейіліңнен, әрекетіңнен табасың. Әрекет міндетті түрде болу керек. Қытайға келгеніме бір апта болды, мұнда өзімнің қаншы жылғы арманымды орындаймын деп келгенмін ғой. Бірақ сынақтар болды, білесіздер Алла Тағала сүйген құлына сынақтар жібереді, міндетті түрде. Егер соған төтеп берсең, артынан сені қуантады, шынымен мың пайыз дәлелденген бұл. Қазір өз басымнан осы нәрсе өтіп жатыр. Адам деген тілінен табады деген рас, жай адамға жақсылық жасау керек еді деп ойлағанның өзі, сол адамға сауап болып жазылады екен ғой… Осы екі-үш күнде басымнан не өтпеді, Аллаға мың шүкір", — деп ағынан жарылды блогер.