Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Депутат бұл жөнінде өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
Мен бұрын айтылған «блогер» өз сөздерін тағы да дәлелдеуге тырысқан сюжетке көз жүгірттім.
⠀
Ол «ғылыми» мақалалар мен дәрігерлер туралы айтып жүр. Егер ондай деректер шынымен бар болса — сілтемелерді ұсынуды сұраймын. Ал дәрігерлердің пікіріне келсек, өмірімде олар көп болды, бірақ бірін ерекше есімде сақталыпты.
⠀
Маған 3 жас болғанда, ДЦП диагнозынан кейін маман ата-анама былай деген: «Егер ол жетістікке жетсе — мен өз дипломымды жей салайын». Көп уақыт өтті. Шынымды айтсам, кейде сұрағым келеді: дипломның жағдайы қалай екен?
⠀
Бірақ маңыздысы бұл емес. Маған ең бастысы — әрбір ерекше баланың ата-анасы мынаны ұмытпаса деймін: Сіздің төзіміңіз, махаббатыңыз және сеніміңіз — кез келген болжамнан биікке көтеретін ең үлкен күш», — деп жазды депутат.