"Өмірімізде көзге шөп салудың эпизодтары болды": Сейфуллин Жолбарыстың әйелі ажырасуларының себебін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 523.17
  • 550.06
0 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өмірімізде көзге шөп салудың эпизодтары болды": Сейфуллин Жолбарыстың әйелі ажырасуларының себебін айтты

"Өмірімізде көзге шөп салудың эпизодтары болды": Сейфуллин Жолбарыстың әйелі ажырасуларының себебін айтты

Сейфуллин Жолбарыстың экс жұбайы Екатерина Вайт ажырасуларының негізгі себебін мәлімдеді.

  • 2 Желтоқсан
  • 53
Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы ол Анна Данченкоға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Бұған дейінгі бір сұхбатымда біздің өмірімізде көзге шөп салудың эпизодтары болды деп айтқан едім. Сол кезде Сейфуллин қасымда отырып қақалып қалған. Мен тік мінездімін. Содан да өмірде көп таяқ жеймін. Ол әйелдердің көңілін жақсы табады, талғамы жоғары. Білсем де іште сақтап жүрдім. Ол кісі кішкентай бала сияқты, ренжу мүмкін емес. Ойына келгенін істей салады, және соған өзін жауапты ретінде сезінбейді. Солай болып қалды деп отыра береді. Мен оның бұндай әрекеттерін бетіне басқан емеспін. Қолынан барып ұстап, үстілерінен түспегеннен кейін бұл — менің күдіктерім. Бір жағдайлар мозаика секілді келісіп қалатын. Мен де ақымақ емеспін ғой. Ол кісіні кешіргім келетін. Себебі, мен оны өліп, қатты сүйдім. Ол да мені төбесіне көтеріп, айтқанымды екі етпеді. Содан соң мен де оның бір қателігін кешірмесем болмайтын шығар деп ойладым. Кешірем, бірақ ешқашан ұмытпаймын», — дейді Екатерина.

Ол журналистің сіздердің екі жаққа кеткендеріңіздің себебі өзге әйел ме, деген сұрағына жауап берді.

«Мен қазір осы жерде бәрін айтады деп ойлайсыз ба? Әрине, ажырасуымыздың себебін айтпаймын. Сейфуллинге ешқандай ренішім жоқ. Оған ешқандай кінә тақпаймын. Ол жүрегі нәзік, керемет адам. Сейфуллин де, мен де бақытты болып кетсек болды», — дейді ол.