Омск қаласында жүк пойызының қазақстандық шағын автобуспен соқтығысуы салдарынан Ертіс арқылы өтетін көпірдің бір бөлігі қирады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омск қаласында жүк пойызының қазақстандық шағын автобуспен соқтығысуы салдарынан Ертіс арқылы өтетін көпірдің бір бөлігі қирады

Омск қаласында жүк пойызының қазақстандық шағын автобуспен соқтығысуы салдарынан Ертіс арқылы өтетін көпірдің бір бөлігі қирады

Павлодар. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Омск қаласында жүк пойызының қазақстандық шағын автобуспен соқтығысуы салдарынан Ертіс арқылы өтетін көпірдің бір бөлігі қирады: өзенге көмір тиелген 21 вагон құлады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Омбы облыстық ТЖМ орталығына сілтеме жасап.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Оқыс оқиға жексенбі күні жергілікті уақыт сағат 3.58-де Черлак ауданындағы темір жол өткелінде, Омск — Павлодар көлік трассасында болған. Жүк пойызы Қазақстан азаматы, Семей қаласының тұрғыны айдаған «Фольксваген-Каравелла» шағын автобусымен соқтығысқан», -деп хабарлайды ТЖМ орталығы.

Апат салдарынан көмір тиелген тауар пойызының 21 вагоны құлап, Ертіс арқылы өтетін көпірдің бір бөлігі қирады. Шағын автобустың жүргізушісі қаза тапты. Алдын-ала мәліметке сәйкес, ол көлігін мас күйінде айдап жүрген.

ТЖМ орталығының мәліметінше, көпірдің 109 метріне зақым келді. «Қазір құтқарушылар қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Олар өзеннен құлаған вагондарды алып шығып, апаттың зардаптарын жоюға тиіс», — деді орталық маманы Виктор Шевченко.

Оның айтуынша, оқиға орнына қазір РФ жол қатынастары министрлігінің 3 жөндеу-қалпына келтіруші пойызы мен көтергіш кранымен 3 баржа келген. Оқыс оқиға орнында 318 адам жұмыс істеуде. Мамандардың айтуынша, апат салдарынан темір жол құрамдары мен кемелердің жүрісі тоқтаған. Вагондардың құлауы салдарынан бұл жерден кемелер мен баржалар өте алмай қалған. Оқыс оқиғаның себептерін транспорттық прокуратура тексеріп жатыр, шығын көлемі туралы ақпарат әзірге жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар