Бейнебақылауға түсіп қалған ер адамның бүгінде кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Анықталғандай ер адам Атырау облысының тумасы болып шыққан. Ол сол күні жанында танысымен бірге дүкенге кіріп, жанынан өтіп бара жатқан бойжеткеннің омырауынан бас салған еді.
Бойжеткен ер адамды тез арада тауып, жауапкершілікке тартуын талап еткен болатын.
Бүгінде полицейлер ер адамның кім екенін анықтап, «Шағын бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан көрінеді.
Десе де көпшілік құзырлы органдардың аталған шешімімен келіспейді. Олар:
«Осылай заңмен сытылып шыға бере ме сондай?», «Әйел мен қызға бәрі бапандай болатын заман болды, заңның түрі мынау? Кім қорғайды екен бізді мына қоғамда?» деп жазды олар.