Caravan Logo

Он екі айдың сұлтаны – Рамазан айы келіп жетті!

Он екі айдың сұлтаны – Рамазан айы келіп жетті!

Оразаның басталғанын ең бірінші болып сезінгендер Халал тағамдарын дайындайтын дәмханалар десе болады. Қазір олардың күні бойғы жұмысы біраз жеңілдеген. Бірақ асханадағы жұмыстары бір сәтке де тоқтар емес. Бұл аспазшылар дәл қазір кешкі ауызашарға дайындалу үстінде. 

Мухаммед Ян, аспаз:

- Рамазан айының басталып кеткенін байқау қиын емес. Өйткені күнделікті ас ішуге келіп жүрген адамдар мүлдем азайды. Әсіресе түскі ас кезінде. Ол түсінікті де. Есесіне кешкі ауызашарға қазірден бастап тапсырыс беріп, орын алып қойып жатқандар бар . 

Құран Кәрімнің түскен күні мен қасиетті Қадір түні де осы Рамазан айында. Сол себепті бұл айдан мұсылман жұрттың алары көп. Өйткені басқа күндерде істеген жақсылықтың сауабы санаулы болса бұл айда істеген жақсылығыңызға Алланың берер сауабы шексіз.   


Ербол Мәмбетов, Астана қаласындағы Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы мешіттің найб-имамы:

- Пайғамбарымыз айтады: Рамазан айының бастапқы 10 күндігі ол рахмет күндері дейді. Ортасы Маһфрет – күнәлардың кешірілетін күндері дейді. Соңғы күндері Алланың тозақ отынан құтқаратын күндері дейді. Яғни Рамазанның бір күні, әр сәтінің өзінің үлкен мәнісі бар. Яғни күндердің өзін солайша қадірлеп отыр Алла.

Бұл айдың тағы бір ерекшелігі тозақтың есігі тас жабылып, шайтандардың шынжырланатын уақыты. Ал жұмақ есігі бұл күндері айқара ашық болады.