Жарияланды: 410

Он мың оқушы Павлодар облысының қала сыртындағы лагерлерінде демалады

Павлодарлық он мың оқушы жазғы каникул кездерінде қала сыртындағы 10 лагерде демалады,

деп хабарлады білім басқармасы. Оның бесеуі мемлекеттік, қалғандары жекеменшік лагерлер. Қазіргі күні оларды ашудың соңғы сатылары жүзеге асырылуда. Ғимараттар жөнделіп, асханалар үшін қосымша жабдықтар жеткізіліп, спорттық заттардың қатары толығуда. Сонымен қатар, тәрбиешілер, дәрігерлер мен жетекшілердің штаты құрылып жатыр. Барлық лагерлерде төрт- бес мәртелік тамақтандыру ұйымдастырылады. Балалардың демалысы қауіпсіз болуы үшін лагерлерді өрт сөндіру инспекторлары мен санитарлық-эпидемиологиялық станса қызметкерлері тексереді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть