Он сегіз жасында жетістікке жеткендер бар - "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Сымбат Әдірахманова - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Он сегіз жасында жетістікке жеткендер бар - "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Сымбат Әдірахманова

Он сегіз жасында жетістікке жеткендер бар - "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Сымбат Әдірахманова

Сымбат Әбдірахманова – ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог. 2017 жылы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасында жеңімпаз атанды.

  • 2 Қазан 2018
  • 485
Фото - Caravan.kz

Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Мәселен, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» деп аталса, «Логоритмика» әдістемелік құралы сондай-ақ «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының координаторы.

Сымбат Нұртазақызы Caravan.kz медиа-порталына "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасына қалай қатысқаны жөнінде айтып берді.

— Аталған жобаға қалай қатыстыңыз, кім ұсынды?

— Негізі мені Қызылорда облыстық білім басқармасы ұсынды. Жоба кезінде жалпы Қызылорда облысы бойынша бірінші турға 96 адам қатысқан екен. Республикалық коммиясының шешімімен 7 адам екінші кезеңге өтті. Сол жеті адамға дауыс беру басталды. Олардың ішінен төрт адам жеңімпаз болып, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына ендік.

Дамытушы мультфильмдер ол менің бір ғана жобам. Жалпы менің әр түрлі сала бойынша бірнеше жобам бар. Логопедттерге арналған, психологтарға арналған, одан кейін суицидтің алдын алу бойынша бірнеше жұмыс жасағанмын. Республикада бірінше рет біздің облыста енгізілді жоба. Ал жалпы Республиканың барлық аймағында негізіледі. Мен жобаның үйлестірушісі, ұйымдастырушысымын. Сосын жобамыз жақсы нәтиже бергендіктен Испанияға шақырту алып, сол жақта симпозуиумде қорғап қайттым.

МӘЛІМЕТ:

Сымбат Әбдірахманова 2016 жылы Испания мемлекеті, Овьедо қаласында өткізілген 16-шы "Суицид және суицидалды әрекет" тақырыбында Европалық симпозиумында "Қазақстандағы кәмелетке толмағандар арасында суицидтердің алдын-алу: Қызылорда облысының тәжірибесі" тақырыбында Қазақстаннан тұңғыш баяндама жасап, өз тәжірибесін әлем сарапшыларымен бөлісті

Жалпы "100 жаңа есім" жобасына енгелі бері өміріңізде өзгерістер болды ма, мысалы қаржылық қолдау?

— Жоқ, соншалықты өзгеріс болған жоқ. Ол тек берілетін атақ қой. Ешқандай қаржылық қолдау болмайды. Бірақ, әрине түрлі іс-шараларға жиі шақырады.Түрлі жиналыстарға шақырады. Балалармен кездесеміз. Мектепте оқушылармен кездесеміз. Қоғамдық жұмыстармен айналысамыз. Жалпы жасаған жұмыстарымның арқасында еуропаның психиаторлар қауымдастығына мүше болдым. Бұған қоса мен парсы тілінен аудармашымын. Иран елшілігінің құрмет грамотасын алдым. Қазақстанда ешбір аудармашы әлі ондай грамота алмаған. Қызылорданың 200 жылдығына арнап мультфильм шығардым. Толық метражды мультфильм. Оны телеарналардан, кинотеатрлардан көрсетті. Одан бөлек өрт қауіпсіздігінің алдын алуға байланысты мультфильмдер шықты. Ол «Балапан» арасынан және өзіміздің жергілікті телеарналардан көрсетілді.

МӘЛІМЕТ: Сымбат 2008 жылы парсы тілі бойынша Орта Азиялық олимпиадада І-орын алған. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Мәселен, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» деп аталса, «Логоритмика» әдістемелік құралы сондай-ақ «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының координаторы.

Ал Иран елшілігінен алған грамота қандай еңбегіңіз үшін берілді
?

Мен бұрын Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінде аудармашы болып жұмыс істегенмін. Қазірде де Ираннан біздің аймаққа келген қонақтарға мен аудармашы болып жұмыс жасаймын. Өйткені Қызылорда облысы бойынша парсы тілінен жалғыз аудармашымын.

— Ол тілді қалай үйреніп жүрсіз?

— Негізі менің бірінші мамандығым аудармашы. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар мен Әлем тілдер университетінде 2005-2009 жылы парсы тілі бойынша оқығанмын. Екінші мамандығым психология.

— Осындай мамандықтарыңыз бола тұра мультфильм жасаумен қалай айналысып кеттіңіз?

— Менің үш балам бар. Декретте отырған кезде олар мультфилм көретін, сол кезде ой келді. Одан бөлек мен логопедтермен жұмыс істеймін. Логопед, дефектолог, жалпы мүмкіндігі шектеулі балалардың қабылдауы қиын. Айтқан тапсырманы орындай алмайды. Сол кезде мультфильм арқылы жасаса қалай болады деген ой келді.Сөйтіп бірінші жұмысымды жасадым. Ары қарай солай жалғасып кетті. Содан кейін балаларым әлеуметтік желіден мультфильмдер қарай бастады және тіліне орысша араластыра бастады. Сөйтсем ол барлық балада бар құбылыс екен. Үйінде қазақша тәрбиеленсе де орысша мультфильмдердің әсерінен орыс тілінде бейімделеді. Егер бұл проблеманы қазір шеше алмасақ ертең үлкен мәселеге айналады. Бір жағынан қазақ тілін дамытуға үлес қосқым келді. Содан қазір барлық мультфильмдерімді ютуб желісіне салып отырамын. Кім көргісі келсе жүктеп алып, көре береді.

МӘЛІМЕТ: Сымбат Абдрахманова ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған дамытушы мультфильмдер құрастырады. Және ол баланың ақыл-ойын дамытуға арналған мультипликациялық өнімдердің қазақ тілінде дайындалуына күш салып отыр. Бүгінде арнайы дайындалған мульфильмдерді кез-келген тұрғын облыстық білім басқармасының Ютуб каналына өту арқылы жүктеп, қолдана алады.

— Мультфильмдеріңіздің сапасына ел қандай пікір айтуда.

— Әрине мен кәсіби маман емеспін.Тек әуесқоймын. Өзіме де сын көзбен қараймын. Бастапқы мультфильмдерде көп қателіктер болды. Дыбыстарды студияда емес, үйде жазғанмын.Сондай көп кемшіліктер болған. Соңғы мультфильм кішкене өзімнің көңілімнен шығады. Ал жалпы көрерменнің қабылдауы жақсы. — Себебі мен бірінші үйде балаларыма көрсетіп аламын. Егер олар қызығып көрсе жасаймын. Бірінші тәжірибе балаларымнан өтеді.

Жалпы осы атақ өзіңізге, жұмысыңызға тың серпін берді деп айта аласыз ба?

— Шынында да тың серпін берді. Мен жоба бойынша барған кезде 18 жастағы балалар отырды. Менің жасым 30 да. Сонда ойладым, «менің 30 жасымда жеткен жетістігіме олар 18 жасында жеткен ба» деп. Көп уақытымды болмайтын дүниелерге жұмсап алыппын. Кино көру, сериал көру деген сияқты.Содан көбірек жұмыс істедім. Шаршамай жұмыс істедім. Енді халық маған сенім артып дауыс берген соң ақтауға тырыстым. Мен үшін үлкен жауапкершілік. Өйткені отырсаңда, тұрсаңда айтқан сөздерің халықтың аузында жүресің. Негзі жобаның мақсаты да сол ғой. Халыққа үлгі болу.

— Болашақта қандай жоспарлар бар?

— Әр жылдің аяғында өткен жылға қорытынды жасап, талдаймын. Қандай жоспар болды қайсысына жеттім, қайсысына жетпедім деген сияқты. Сосын келесі жылға жоспар құрамын. Енді келесі жылға сапалы мультфильм жасап, байқауға қатысқым келеді. Одан кейін басқа да жоспарларым бар. Көре жатармыз.

Соңғы жаңалықтар