Он тоғыз миллионыншы қазақстандық туралы не белгілі? - kaz.caravan.kz
  • $ 482.49
  • 556.75
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Он тоғыз миллионыншы қазақстандық туралы не белгілі?

Он тоғыз миллионыншы қазақстандық туралы не белгілі?

Алматы облысының әкімдігі 19 миллионыншы қазақстандық туралы айтты.

  • 4 Тамыз 2021
  • 608
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

19 миллионыншы қазақстандық 3 тамызда Алматыдағы перинаталдық орталықта дүниеге келген.

"Есімі — Жания Азаматқызы, ата-анасы: Азамат Нұрғалиев 1982 жылы туған, анасы Назгүл Көбентаева 1986 жылы туған, Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаево ауылында тұрады", — деді әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, 18 миллионыншы қазақстандық 2017 жылы тіркелген болатын, ол да Алматы облысының тұрғыны. 18 миллионыншы қазақстандық — 2017 жылдың 11 мамырында Талдықорған қаласында Мүслима Саматқызы. Мүслиманың ата-анасына үш бөлмелі пәтер сыйға тартылған болатын.