Қостанай тұрғыны травматикалық қарумен екі спортшыны жарақаттады: біреуі иығынан жарақат алған, екіншісі – басынан деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 16 қаңтар күні кешкісін Қостанайда "Трудовые резервы" спорт кешенінде болған. Куәгерлердің айтуынша, спортшылар өзара сөзге келіп қалған екен. "Балаларды жаттығуға алып келгенмін, алайда ғимаратқа кіре алмадық. Жағалай қоршап тастапты, полицейлер жұмыс істеп жатты. Атыс бокс залында болған. Болжам бойынша, спортшылар өзара кикілжіңге келіп қалса керек", — деп хабарлады оқиға куәгері Василий Сергеев Sputnik Қазақстан тілшісіне. Ішкі істер департаменті хабарлағандай, күдікті ұсталған екен. Ол он тоғыз жасар Қостанай тұрғыны.