Он жыл бойы перзент күткен отбасы 4 қызды дүниеге әкелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Он жыл бойы перзент күткен  отбасы 4 қызды дүниеге әкелді

Он жыл бойы перзент күткен отбасы 4 қызды дүниеге әкелді

Солтүстік Қазақстан облысында төртем дүниеге келді. Бірден төрт қызды өмірге әкелген  32 жастағы Светлана Иванова жолдасы екеуі он жыл бойы перзент күткен екен.

  • 15 Маусым 2011
  • 495
Фото - Caravan.kz

Балалардың  үшеуінің салмағы екі келіден. Төртінші қыз 1 келі 400 граммболып туыпты. Анасы оларға Мария, Екатерина, Елизавета және Антонина  деп ат қойды. Қазір нәрестелердің де, анасының да денсаулығы жақсы.  Шараналар аздап  салмақ жинаған соң  үйіне жіберіледі. Бірден төрт қыздың әкесі атанған азамат Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет етеді.  Отбасы былтырғы қыркүйектен бастап өңірде жүзеге асырылып жатқан «Ұрпақ қоры» бағдарламасы бойынша әр балаға 200 мың теңгедей ақша алады. Қаржы арнайы депозитке салынып, балалар кәмелет жасына толғанша жиналады.


Светлана Иванова, төртемнің анасы: 

 — Жолдасымыз екеуміз  де, ата-әжелері де — бәріміз бақыттымыз. Туысқандарымыз көп.  Солардың және дәрігерлердің көмегімен балаларды аяқтарынан  тұрғызамыз деп ойлаймын. Екі қыз маған тартқан. Қалған екеуі әкелерінің аузынан түсіп қалғандай.  

Соңғы жаңалықтар